Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай тұрғыны тауып алған телефоннан бірнеше рет онлайн-несие рәсімдеген

Қостанай тұрғыны тауып алған телефоннан бірнеше рет онлайн-несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саяжай қауымдастықтарының бірінің аумағында 35 жастағы әйел өткен қарашада ұялы телефон тауып алған. Ол табылған зат туралы құқық қорғау органдарына хабарламай оны жеке мақсатта пайдалануға шешім қабылдаған.

Ұялы телефонға оның иесінің деректері бар банктердің бірінің қосымшасы орнатылған. Мұны күдікті пайдаланып, бірнеше онлайн-несие рәсімдеген.

– Күдікті әйел бір апта көлемінде қосымша арқылы несие рәсімдеп, кейіннен ақшаны шешіп алып отырған. Осылайша, ол біреудің атынан 320 мың теңге көлемінде несие алған. Телефон иесі несие туралы біліп, полицияға жүгінген. Полиция іздеуді бастап, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол кінәсін мойындады, – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Полицейлер азаматтардан алаяқтардың құрбаны болмас үшін қырағы болуды, өз деректерін мұқият жасыруды, сондай-ақ ұялы телефонын немесе банк картасын жоғалтқан жағдайда, ақшасын жоғалтпау үшін оны дереу бұғаттауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру