Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жүргізді

Қостанайда полицейлер есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үш логистикалық компанияның қоймаларында рейд ұйымдастырды. Полицейлерге Найза есімді ҰҚК Шекара қызметінің неміс төбеті және Тесла есімді ПД Кинологиялық қызмет орталығының бельгиялық төбеті көмектесті.

– Айта кету керек, Тесла полиция қатарында 2019 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2020 жылы Алматыда есірткі және психотроптық заттарды іздеу бойынша арнайы оқудан өтті. Тексеру қоймаларын ынтымақтастық туралы меморандум жасалған компаниялар ұсынды. Иелерінің өздері есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесуге мүдделі, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Манат Суентаев.

Барлығы 51 ұйыммен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Рейд барысында кинологтар иісшіл иттермен қоймалар мен жүк көліктерін тексерді. Айналымға заңмен тыйым салынған заттар, заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Манат Суентаев логистикалық ұйымдардың өкілдеріне күмәнді сәлемдемелер анықталған кездегі әрекеттер алгоритмін және есірткінің заңсыз айналымын анықтау үшін не нәрсеге назар аудару керектігін түсіндірді.

Полицейлер мұндай рейдтерді апта сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру