Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері қазақ күресі бойынша республикалық спартакиадада жүлделі орындарға ие болды

Ақмола облысында ҚР ІІМ-нің қазақ күресі бойынша екі күндік республикалық спартакиадасы мен Динамо ДШСҚ ведомствоаралық спартакиадасының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шучинск қаласында құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар қызметкерлері арасында Динамо ДШСҚ XI ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ XI спартакиадасы аясында қазақ күресінен республикалық спартакиада аяқталды.

Екі күн бойы жалғасқан күресте Қазақстанның түрлі күштік құрылымдарынан келген балуандар бақтарын сынады.

Жарысқа ІІМ аумақтық полиция департаменттерінің, төтенше жағдайлар министрлігінің, қорғаныс министрлігінің, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР қаржы мониторингі агенттігінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚАЖК, АКҚБ, ҚР ІІМ және Динамо спорттық командалары ұсынған 28 командадан 170-тен астам қатысушы қатысты.

Дене шынықтыру-спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадасының нәтижелері бойынша командалық есепте үшінші орынды Динамо командасы иеленді. Екінші жүлделі орын ұлттық ұлан командасына берілді. Бірінші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ командасы жеңіп алды.

Ішкі істер министрлігінің спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық біріншілікте үшінші орын Қарағанды облысы ПД командасына бұйырды. Екінші орын Астана ПД палуандарына берілді. Жүлделі бірінші орын – Ақмола облысы ПД командасына табысталды.

Динамо ДШСҚ ведомствоаралық спартакиадасының қорытындысы бойынша ҚР ІІМ командасында өнер көрсеткен Ақмола облысы ПД қызметкері Нұржан Гилмиденов “Үздік техника үшін” номинациясының иегері атанды. “Жеңіске деген талабы үшін” – ТЖМ қызметкері Ибрагим Джаниев, “Жылдам жеңісі үшін” – ҰҰ әскери қызметшісі Ержан Ерікайыпов марапатталды.

Сондай-ақ қазылар алқасының өзара шешімі бойынша Қызылорда облысы ПД қызметкері Серік Ақылбек “Үздік техника үшін” ІІМ спартакиадасында номинация иегері атанды. “Жеңіске деген талабы үшін” – Жетісу облысы ПД қызметкері Төкен Айбар көтермеленді. Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Бекзат Алтынбаев “Жылдам жеңісі үшін” номинациясының иегері атанды.

Динамо ДШСҚ ведомствоаралық спартакиадасының нәтижелері бойынша салмағы 100 келіден асатын салмақ дәрежесінде ҚР ІІМ қызметкері Олжас Шынкеев, 100 келі салмақта Ақмола облысы ПД қызметкері Әсет Жүнісов, 90 келі салмақта ұлттық ұланның әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев, 82 келі салмақта ҚР ІІМ қызметкері Серік Ақылбек, 74 келі салмақта ҚР ІІМ қызметкері Қайырбек Батырхан, 66 келі салмақта ҚР ІІМ қызметкері Нұржан Гилмиденов жеңімпаз атанды.

ІІМ спартакиадасының 100 кг-нан астам салмақ дәрежесінде Алматы облысы ПД-дан Жаныбек Дүйсембаев , 100 кг салмақта Астана ПД-дан Ерасыл Тұрсынбеков, 90 кг салмақта Астана ПД-дан Танирберген Тергеубеков, 82 кг салмақта Астана қаласынан Санжар Ақылбеков, 74 кг салмақта Ақмола облысынан Ержан Ғаббасов, 66 кг салмақта Ақтөбе облысынан Нұрлыхан Мұханбетов жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, жарысқа ҚР құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының үздік қызметкерлері қатысты, командалар құрамында 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 спорт шебері, 47 спорт шеберіне кандидат, сондай-ақ 11 әлемдік Азия біріншіліктерінің чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты. Жарысқа барлығы 6 салмақ дәрежесінде 28 команда қатысты.

Бізге өткен ұрпақтардың игілігі ретінде берілген қазақ күресі ұлттық спорттың ресми түрлерінің бірі болып табылады. Бүгінде ол мемлекеттік тізілімге енгізілген және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жүйесіне кіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру