Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жол үстінде өзін нашар сезінген жүргізушіге көмектесті

Шымкентте полицейлер жол үстінде өзін нашар сезінген жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары көлік басқару кезінде мазасы кеткен жүргізушіге көмектесті. Құтқарушылар – полиция қызметкерлері Қанат Дүйсебаев пен Бауыржан Төленов.

Бәйдібек би даңғылында қызмет атқару барысында офицерлерге азаматша жүгінді. Ол жұбайының жолда ауырып қалғанын айтып, үйге жетуге көмектесулерін өтінді. Тәртіп сақшылары бірден келісіп, тағайындалған жерге жедел жәрдем шақырды. Ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Өз кезегінде қала тұрғыны құқық қорғаушыларға болған жайтқа бей-жай қарамай, тез арада көмек көрсеткендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

– Қызметте біз әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Бірақ әр кезде азаматтарға көмектесу – біз үшін маңызды міндеттердің бірі. Бұл ерлік емес, бұл антқа адалдық, – деп атап өтті патрульдік полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру