Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда Президенттік көпсайыстан чемпионат өтті

Қостанайда Президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті. Спорттық іс-шара Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды.Облыстың қалалары мен аудандарынан 100-ден астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері үздік атану үшін бақ сынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күні жарысқа қатысушылар tкінші дүниежүзілік соғыс жылдарында және қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қатысушылар жауынгерлік қарудан ату, жүзу, граната лақтыру және әртүрлі қашықтықта жүгіру бойынша жарысты. Облыстық чемпионат “Динамо” облыстық кеңесімен бірлесіп өткізілді.

– Қатысушылар өздерін мықты және төзімді қызметкерлер ретінде көрсетіп қана қоймай, әркім өзінің нағыз спортшы екенін дәлелдеді. Мықтылар жеңіске жетті, – деп атап өтті “Динамо” денешынықтыру және спорт қоғамы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Виктор Чернявский.

Президенттік көпсайыс қорытындысы бойынша аудандық полиция бөлімдері мен ІІО басқармасы арасында Арқалық қаласы полиция бөлімінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Қостанай қаласы ПБ қызметкерлері алса, үздік үштікті Әулиекөл аудандық полиция бөлімі түйіндеді. Ал бөлімшелер арасында бірінші орынды 66/97 әскери бөлімі командасы, екінші орынды ОЖВ, үшінші орынды Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру