Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда учаскелік полиция пункті ашылды

Қостанайда учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол ішкі істер органдарын реформалау шеңберінде Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында белгіленген барлық жаңа талаптарға сәйкес келеді.

№15 учаскелік полиция пункті Қостанай қаласының “Юбилейный” және “Алтын Арман” жаңа шағын аудандарында қызмет көрсететін болады.

Ол бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Камералар Қостанай қаласының ПБ жедел басқару орталығына шығарылды. Бұл азаматтармен қарым-қатынас процесі үнемі бақылауда екенін білдіреді. Мұны сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де жоққа шығарады. Сондай-ақ, “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында жаңа шағын аудандардың аулаларында полиция пункті мен ЖБО-ға кескін шығарылған “Қауіпсіз аула” жүйесі бойынша 20 бейне-бақылау камерасы орнатылды.

Жаңа учаскелік полиция пунктінің ашылуы бизнеске көмек көрсету арқасында мүмкін болды. Әлеуметтік серіктестік аясында “БК-Строй” ЖШС Бас директоры Игорь Ким салынған үйлердің бірінде, бірінші қабатта ауданы 60 шаршы метрден астам екі бөлмелі пәтер бөлді. Учаскелік полиция пунктінде жеке кіреберіс жасалып, үш кең кабинет жабдықталған. Учаскелік инспекторларда қажетті компьютерлік техника бар.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көмек көрсеткені үшін Министр атынан И.Кимге алғыс хат табыс етті.

– Ел Президентінің Жолдауында Ішкі істер органдары жүйесін реформалаудағы басты рөл учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктелгені атап өтілді. Ең бастысы, полиция қол жетімді болуы керек және халықтың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуі керек. Қостанайда реформалау аясында елімізде алғаш рет осындай заманауи учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл бизнес пен мемлекеттің өзара іс – қимылының үлгісі, – деп атап өтті ҚР ІІМ ӘПК төрағасы М.Баймұқашев.

– Жаңа учаскелік полиция пунктінің штатына үш лауазым енгізілді: штат санын қайта бөлу есебінен екі учаскелік инспектор және ювеналды полиция қызметкері. Бұл жаңа шағын аудандардың 14 мыңнан астам тұрғынының шағымдары мен арыздарына тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікенов.

Келесі жылы осы аумақта тағы екі жаңа шағын аудан салынады. Өтініштер саны бір жылда екі есеге өсті. Полиция майоры Нұрлан Молдахметовтың айтуынша, олар негізінен тыныштықты бұзуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты.

Игорь Ким учаскелік полиция пункті қажет екенін атап өтті, өйткені мұнда халық көп тұрады. Көптеген тұрғын өздерінің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіреді.

– Бизнес осындай мәселелерді шешуге қосылуы тиіс деп есептеймін, – деп атап өтті кәсіпкер. “Юбилейный” шағын ауданының тұрғыны Рустам Джамикеев бұл маңызды оқиға деп санайды.

– Енді учаскелік инспектордың барлығы да осы шағын аудандарда тұратынын ескере отырып, қауіпсіздік орнайды, – деп есептейді Р.Джамикеев.

– Ішкі істер министрлігі қазірдің өзінде учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесін арттыру бойынша заңнамалық сипаттағы шараларды әзірлеуде. Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыруға сәйкес келетін әкімшілік полицияның жаңа штаттық құрылымын құру көзделуде. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту және учаскелік полиция пункттерінің санын арттыру бойынша міндет Қостанайда іске асырылуда, – деп жалғастырды ҚР ІІМ ӘПК төрағасы.

Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов биылғы жылы штатқа учаскелік полиция инспекторларының 22 көмекшісі енгізілгенін айтты. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары үшін “JAC S3″маркалы 12 машина сатып алынды. 222 учаскелік полиция инспекторлары “Алтел” мобильді байланысы бар телефондарды алды, бұл әкімшілік учаскелердің тұрғындарына учаскелік полиция инспекторына тікелей қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Ол үшін үй нөмірінен ұялы байланыс операторының соңғы 6 цифрын теру қажет, бұл ретте қоңырау шалу тегін.
Жыл басынан бері облыстың учаскелік полиция инспекторлары 1164 қылмысты ашып, 40 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру