Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Ақмолада 30-дан астам түрлі қару мен 15 оқ-дәрі тәркіленді

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген төрт күн ішінде Ақмола облысының аумағында заңсыз айналымнан 10 бірлік атыс қаруы, 15 оқ-дәрі, төрт бірлік арнайы құралдар, сондай-ақ 20 бірлік суық қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, 18 қаңтарда Атбасар ауданының ПБ қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында аулаларды аралау барысында 44 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген 12 калибрлі, ТОЗ-34р маркалы екі ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.

Сол күні Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының автокөлігінің салонынан және оның жолаушысынан үш металл пышақ, металл кастет табылып, тәркіленді.

Бір күн бұрын, 17 қаңтарда Бурабай ауданының аумағында жедел уәкілдер ауылдардың бірінің тұрғынынан тіркелмеген ИЖ-18Е, 16 калибрлі аңшылық мылтық тауып, тәркіледі.

Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіледі, сонымен қатар сот-баллистикалық зерттеу тағайындалды. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Жалпы, өткен кезеңде ақмолалық полиция қызметкерлері 957 тексеру жүргізді, 403 қараусыз қалған ғимараттар мен 554 қараусыз қалған саяжай массивтері тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру