Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау жұмыстары өтті

Қарағанды облысында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу жұмыстарына 3600-дан аса азамат қатысты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев полиция мен қоғам арасында әріптестік қарым-қатынас жүргізу жөніндегі тапсырмасы аясында құқық қорғау органдарымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.Ашықтық пен қолжетімділікті нығайту мақсатында халықпен тығыз байланыс орнатылуда.

Ағымдағы жылдың 13-ақпан күні Қарағанды қаласының № 64 жалпы білім беретін орта мектебінің қабырғасында Қарағанды қаласының полиция басқармасы оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің бастығы Азамат Аткеев халықпен есептік кездесуін өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – халықпен полиция арасындағы алшақтықты жойып, қоғамның назарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесіне аудару. Жиынға арнайы шақыртылған Қарағанды облысы Полиция департаментінің, полиция басқармасының, Қазыбек би атындағы ауданы әкімдігінің, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің бастығы Азамат Аткеев 2019 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсететін аумақтағы жедел жағдайға тоқталып өтіп, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 17,2 пайызға төмендегенін атап көрсетті. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмаудың бірден-бір жолы алдын алу жұмысы болса, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының тарапынан халықпен кездесу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылып тұратынын тілге тиек етті. Дәлірек айтқанда, 2019 жылдың 12 айында 170 халықпен кездесу болса, ол кездесулерге 3600-дан аса азамат қатысқан.

«Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс аумағында 170 мыңнан астам халықтың бар екенін ескерсек, учаскелік полиция инспекторларымен кездесуге келген халықтың саны аз екенін көре аламыз.Бұл тұрғындардың тарапынан белсенділіктің жеткізілсіз екенін көрсетеді. Оңтүстік-шығыс секторының аумағы жылдан жылға өсіп, өркендеп келе жатқаны баршаңызға белгілі. Көптеген жаңадан тұрғын үйлер салынып, жыл санап халық саны артуда. Сондықтан Сіздердің азаматтық позицияларыңызды білгім келеді, сіздердің белсенділіктеріңіз жетіспей жатыр», – деді полиция подполковнигі А.Аткеев.

Кездесуге келген халықтың сауалдары қар тазалау жұмыстарының ұйымдастырылуы, алкогольдік ішімдіктерді сататын дүкендермен жүргізілетін жұмыс, қозғалған қылмыстық істердің барысы, қаңғыбас иттермен күрес жұмысы төңірегінде болды. Қойылған сұрақтарға полиция қызметкерлері барынша толық жауап беруге тырысты. Қылмыстық істер туралы толық мағлұмат алу үшін оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің бастығы жеке қабылдауына шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру