Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған ірі қараны сатып алып отырған ауыл тұрғыны анықталды

Ақмола полицейлері ұрланған 18 бас ұсақ малын сатып алып отырған ауыл тұрғынын анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 5-қаңтарында Целиноград ауданының полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС директорының орынбасарынан белгісіз тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты ақпарат келіп түскен.Өткен жылдың желтоқсан айында ауыл шаруашылық аймағынан 4 бас ұсақ малды жасырын ұрлаған. Жалпы сомасы 200 мың теңгеге материалдық залал келтірді.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бір топ тұлғалар Целиноград ауданының Төңкеріс ауылында тұратын 43 жастағы ауыл тұрғынына ұрланған малдарды сатқаны анықталды. Нәтижесінде, 2019 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін ұрланған 18 бас ірі қара малын сатқаны белгілі болды.

Әр жолы ұрланған бір бас құнын  20 мың теңгеден сатқан. 43 жастағы күдіктіге қатысты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 196-бабы 2-бөлігі (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру