Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 192 қылмыстың беті ашылды

Қызылордада өткен жылы қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 192 қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Кинологиялық қызмет орталығында арнайы үйретілген 16 қызметтік-іздестіру иті мен үш қызметтік күшік бар. Иісшіл иттерді бес кинолог баптайді.

Қызметтік иттер қылмыстарды ашу, із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және одорология саласы бойынша полиция қызметкерлеріне көмек көрсетеді.

Мәселен, 10 қаңтарда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобына “Леон” деген қызметтік итпен кезекшілікке түскен полиция қызметкері ұрлықты ашты.

Осы орайда қызметтік иттердің тәртіп сақшыларының сенімді серіктері екендігіне тағы да бір рет көз жеткізуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру