Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация талаптарын бұзған азамат қайтадан түзеу мекемесіне жіберілді

Қызылорда облысында пробация талаптарын бұзған азамат қайтадан түзеу мекемесіне жіберілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат жазасының қалған бөлігін өтеу үшін түзеу мекемесіне қайта жөнелтілді.

Аталған азамат Шиелі аудандық сотының 2021 жылғы 30 қарашадағы үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін Қызылорда қалалық №2 сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысымен оның жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазаға – 3 жыл 2 ай 13 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, пробация қызметінің есебіне алынған.

Алайда сотталған азамат пробация талаптарын жүйелі түрде бұзып, әкімшілік құқық бұзушылықтарды бірнеше мәрте қайталаған және пробация қызметінің заңды талаптарын орындамаған.

Осыған байланысты Шиелі аудандық сотының 2026 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі қайтадан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ол түзеу мекемесіне жіберілді. Енді сотталған азамат жазасының қалған бөлігін бас бостандығынан айыру орындарында өтейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру