Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында үйге ұрлыққа түскен ер адам құрықталды

Қызылорда облысында үйге ұрлыққа түскен ер адам құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазалы ауданы полиция бөліміне жедел “102” арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезесін сындыру арқылы кіріп, жатын бөлменің ішіндегі шкаф ішінен 600 мың тенге ақшасын және алтын бұйымдарын қолды еткен.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұл іске күдікті ретінде 25 жастағы аудан тұрғыны құрықталды. Күдіктіден айғақты заттар алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты сот санкциясымен “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру