Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

"Жігер" қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылардың балаларына арналған "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция барысында балаларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары табысталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына жағдай жасау және оларға қуаныш сыйлау.

Көмек алған есептегі азаматтар демеушілерге ризашылықтарын білдірді.

- Балаларымызға көрсетілген бұл көмек біз үшін үлкен қолдау болды. Осындай игі іске атсалысып, отбасымызға қуаныш сыйлаған "Жігер" қоғамдық бірлестігіне шын жүректен алғыс айтамыз, – деді акцияға қатысушылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру