Қызылордада полицейлер тренингке қатысты
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мен жергілікті полиция батальоны патрульдік полиция бөлімшелерінің жеке құрамы үшін командалық тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған тренингтің мақсаты-қызметкерлердің жұмыс деңгейін арттыру, олардың кәсіби қызметін ынталандыру және моральдық – психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметке жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Тренинг шеңберінде психологтар полицейлерге олардың жұмысқа бейімделуі, кәсіби дамуы, психологиялық қолдау арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, шаршауды болдырмау және қиын және экстремалды жағдайларда оқыту мақсатында кеңес берді.
Кездесу барысында түрлі тақырыптарда жадыны дамыту, релаксация техникасы және командада жұмыс істей білу үшін тренингтер өткізілді. Инспектор-психологтардың айтуынша, топтық терапия жұмыстың тиімді әдістерінің бірі болып табылады және өз эмоцияларын жақсы сезінуге, әріптестерінің реакцияларына қарауға көмектеседі.
Тренинг соңында барлық қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. – Мұндай тренингтерді жиі өткізу керек, олар жұмысқа көмектеседі, өйткені біздің мамандығымыз қауіп-қатермен және әртүрлі стресстік жағдайлармен байланысты, – деп атап өтті олар.
Қатысушылар жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілген тренинг үшін алғыстарын білдірді.