Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандарға арналған танымдық мәдени іс-шара ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандар үшін тағылымды іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері жазасын өтеушілерді Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына сотталған азаматтарды алып барды.

Кітапхана қызметкерлері жазасын өтеушілерді кітап қорымен таныстырып, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасады. Әсіресе, кеңестік драматург, жазушы, публицист, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың жеке кітапханалары, тұтынған заттары мен әдеби мұралары таныстырылып, олардың өмір жолы мен шығармашылығы туралы қызықты әрі танымдық мәліметтер ұсынылды.

Осындай мәдени-танымдық шаралар жазасын өтеушілердің рухани дамуына, олардың қоғамға деген көзқарасын оң бағытта қалыптастыруға септігін тигізеді.

Іс-шара соңында сотталған азаматтар ұйымдастырылған рухани кездесу үшін мекеме әкімшілігіне және кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру