Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Жетісу облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салуда. Сондай-ақ көлікті мас күйінде басқаруға, белгіленген жылдамдықты асыруға және рөлде отырып телефон қолдануға жол бермеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Азаматтарға жолды белгіленген орындардан кесіп өту ережелері түсіндірілді.

Жыл басынан бері облыс жолдарында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірқатар дерегін анықтады. Атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз көлік құралын басқарғаны үшін 1842 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын мас күйінде басқарудың 94 дерегі анықталды. Сондай-ақ 14 жүргізуші сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан көлік басқарған. Бұдан бөлек, техникалық ақауы бар көлікті пайдаланғаны үшін 1038 жүргізуші жауапкершілікке тартылса, қарсы бағытқа шығудың 19 дерегі тіркелді.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыны заң талаптарын қатаң сақтауға және жолда өзара құрмет танытуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру