Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тұрғын көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды

Қызылордалық тұрғын көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бағыт аралау барысында Панфилов көшесі бойында “Мерседес Бенс” маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында 41 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізуші жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік жауапқа тартылып, хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Мас болып көлік басқарған адам тек өзінің емес өзгенің де өміріне қауіп төндіретінін есінен шығармау керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру