Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддерде жасөспірімнен ақша бопсалаған студент анықталды

Риддерде жасөспірімнен ақша бопсалаған студент анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімнің құрдасынан қомақты сомада ақша бопсалағаны анықталды. Бопсалау фактісін Риддер қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы анықтады.

15 жасар бала осы жылдың маусым айынан бастап басқа оқу орнының 3 курс студенті одан ақша бопсалағанын айтқан. Бес ай ішінде жәбірленуші күдіктіге 175 мың теңге берген.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, айыппұл немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру