Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полицейлер жоғалған екі баланы анасына қайтарды

Семейде полицейлер жоғалған екі баланы анасына қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Cемей қаласында сағат 11:00 шамасында екі кішкентай ұл бала аулаға ойнауға шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жақындарының өз бетінше жүргізген іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген соң, алаңдаған анасы сағат 19:22-де полициядан көмек сұрады.

Хабарлама түскен бойда іздестіру жұмыстарына полиция жасақтары мен кезекші бөлім қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды, көшелерді және балалар болуы мүмкін бағыттарды мұқият тексерді.

Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бүлдіршіндер көп ұзамай аман-есен табылып, анасына қайтарылды.

Алаңдаушылықтың орнын қуаныш басты. Балаларын бауырына басқан ана полиция қызметкерлеріне дер кезінде көрсеткен көмектері үшін шынайы алғысын білдірді.

Полиция ата-аналарға кішкентай баланың санаулы сәтте көзден таса болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан балаларды қараусыз қалдырмай, оларға адасып қалған жағдайда кімнен және қалай көмек сұрау керектігін алдын ала түсіндірген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру