Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да екі шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды

ШҚО-да екі шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО аумағында тұратын шетелдіктерге тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында “Мигрант” ЖАІШ барысында бөлімше қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркелген мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың шетелден келген қонақтары туралы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

20 ақпанда Зайсан ауданының қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының тумасын анықтады, сонымен қатар шетелдіктің Қазақстанда уақытша болу рұқсаты болмаған. Әкімшілік кодекстің екі бабын бұзғаны үшін соттың шешімімен Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шетелдікке 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге рұқсат жоқ.

Өз кезегінде жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны және шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Енді ол 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Тағы бір шетелдік тұрғын үшін 2028 жылға дейін Қазақстанға кіру жабылды.

Заң бұзушыны Шемонаиха ауданының қызметкерлері анықтаған. Ресейлік бұрын бірнеше рет қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сот шешімімен шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанға кіру ол үшін 5 жыл мерзімге жабық.

Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру