Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-ның Зайсан көліндегі арнайы рейд: полиция браконьерлерді ұстады

ШҚО-да полиция браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында “Браконьер” республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, оның шеңберінде ШҚО көлдерінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзу және табиғатты заңсыз пайдалануға бақылау күшейтіліп,  рейдтер жүргізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 280-нен астам әкімшілік бұзушылық анықталды, сондай-ақ рейд барысында төрт браконьер ұсталды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Зайсан көлінің тыйым салынған аймағы учаскелерінің бірінде заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Дәл сол күні Алтай ауданының 33 жастағы тұрғынының көлігінің жүксалғышынан заңсыз жолмен келген балық та тәркіленді.

Жалпы алғанда олардан 300 килограмнан астам балық, сондай-ақ қажетті құрал-саймандар: қайықтар, қайық моторлары, синтетикалық аулар, ескектер тәркіленді.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Барлық осы фактілер бойынша ұсталған адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру