Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан есірткі табылды

Полиция қызметкерлері Алтай ауданының тұрғынынан есірткі заттарын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары ауылдың 40 жастағы тұрғынын анықтады, оның аула ғимараттарын тінту барысында салмағы 3,5 келіге жуық кептірілген марихуана, сондай-ақ 3 грамм гашиш және 880 грамм кептірілген каннабис өсімдігі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі – есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру