Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығысқазақстандық тұрғын 230 келіден астам шаянды құжатсыз тасымалдаған

Шығысқазақстандық тұрғын 230 келіден астам шаянды құжатсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” ЖПІШ аясында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Бұқтырма су қоймасы учаскелерінің бірінің жағасында тиісті құжаттарсыз шаян тасымалдаған 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2121 автокөлігі анықталды.

Көлікте жалпы салмағы 230 келіден астам 10 қапқа жуық тірі шаян бар екені анықталды. Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 1 452 000 теңгені құрайтынын айтты.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алу кезінде көлік иесі шаянды бұрын белгісіз адамдардан сатып алғанын, содан кейін оларды көлікке тиеп, сату үшін облыс орталығына шығуды жоспарлағанын жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру