Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны алаяқтарға 50 млн теңгесін беріп қойды

Шымкент тұрғыны алаяқтарға 50 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосшы қаласының полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны өтінішпен жүгінді. Азаматша 2021 жылдың қазан айында екі ер адам оған тиесілі 50 млн теңге мөлшеріндегі ақшаны Қосшы қаласында учаскесі бар жеке үй сатылады деген сылтауымен алдап иемденгенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан облысының 38 және 39 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар осыған ұқсас қылмысты жасағандары үшін қамауға алынды.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру