Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Карантин режимін сақтамай, қызметін жалғастырған сауна анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мен мобильді топ өкілдері 29 шілде күні Абай ауданы аумағында жүргізген рейдтік іс-шара барысында карантин талаптарын елемеген нысандарды анықтады.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы 1 Мамыр көшесі бойында орналасқан “Опушка” саунасын кешкі уақытта карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Оғиға орнында санитарлық талаптар өреске бұзылған. Сауна әкімшісінен түсініктеме алынып, аталған жайтқа байланысты Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру