Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте күңгірттелген көліктің иесі жауапкершілікке тартылды

Шымкентте күңгірттелген көліктің иесі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 13 наурызда Шымкент қаласының Полиция департаментінің “WhatsАpр” желісіндегі “Жедел әрекет ету” чатына Жарас есімді азаматтан бейне хабарлама келді. Онда Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде жүрген “Лада” маркалы автокөлігінің әйнектері күңгірттелгені көрсетілген.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған автокөлікті тапты. Оның жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрметті жол жүрісінің қатысушылары, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру