Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қоғамдық орында ішімдік ішкендер анықталды

Шымкентте қоғамдық орында ішімдік ішкендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері “Таза қала” профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізді. Нәтижесінде Рысқұлбеков көшесі бойында орналасқан №2 үйдің ауласында (қоғамдық орында) Н.Наршбеков пен А.Сырманов спирттік ішімдік ішіп отырғаны анықталды. Аталған жайтқа қатысты тәртіп сақшылар қос азаматқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабы 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлеріме осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру