Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қойма күзетшісі құны 3 млн теңгені құрайтын темірді қолды еткен

Шымкентте қойма күзетшісі құны 3 млн теңгені құрайтын темірді қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында, өзінің қоймасындағы темірлерді белгісіз тұлғалар жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3 млн теңгені құрап отыр.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарды алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Жан-жақты тексеру жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген екі азаматты тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Олар Төлеби ауданының 31 және 34 жастағы тұрғындары болып шықты. Білімдері орташа. Бірі – уақытша жұмыссыз, екіншісі сол қойманың күзетшісі екені анықталды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматтар ұрланған заттарды сатып, жеке бастарының пайдасына жаратпақшы болған.

Қазіргі кезде тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру