Шымкентте “Таза қала” іс-шарасы жалғасуда
Шымкентте “Таза қала” іс-шарасы аясында полициямен кері байланыс артуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде канализация суын көшеге шығарып қойған азаматтың іс-әрекетіне қатысты жазбаны анықтады. Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Ербол Спатаев көшесінде тұратын азамат үйінің канализация суын көшеге шығарып қойғаны туралы әлеуметтік желілерге ақпарат жарияланған болатын. Орын алған жайтқа байланысты Абай ауданы Полиция басқармасының №9 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Нурбол Төреқұлов мән-жайды анықтауға кіріскен. Оқиға орнына Абай аудандық әкімшілік қызметкерлері мен Экология басқармасының қызметкерлері шақыртылған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Баршаңызға белгілі, 2021 жыл құқық бұзушылықтардың алдын алу және “жұртқа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету жылы болып жарияланды. Бұл орайда халықты құқық бұзушылықтардың алдын алу процесіне тартуды көзделген. Барша қала тұрғындарын “Таза қала” іс-шарасы аясында полициямен кері байланыс орнатып, табиғатты ластау, коммуналдық қалдықтарды төгу және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында өздері куә болған жайттарды туралы хабарлауды сұраймыз.