Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қоғамдық көлікте бетперде таратты

Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасып жатыр. Карантиндік шектеулер қала тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқаны белгілі. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындар мен қоғамдық автокөлік ішіндегі жолаушылар мен жүргізушілерге медициналық бетперде мен қолғаптар таратты. Тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертіп, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармау керектігін түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру