Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық балалар ермексаздан болашақтың полициясын жасады

Солтүстікқазақстандық балалар ермексаздан болашақтың полициясын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар жылы және Қазақстан полициясының 30-жылдығын мерекелеу шеңберінде солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары “Болашақтың полициясы” тақырыбында балалар арасында қолдан жасалған бұйымдар байқауын ұйымдастырды. Байқау екі апта бойы өткізіліп, оған облыс көлемінде 14 жасқа дейінгі балалар қатысты.

Ермексаз, пластик, қағаз, картон, мата – балалар ерекше ынтамен түрлі материалдардан бұйымдарын жасады. Балалар барлығы 24 жұмыс дайындаБалалар барлығы 24 жұмыс дайындаған. Мәселен, 5 жастағы бескөлдік Богдан Клопов қолында гүл ұстап тұрған полицей-қызды жасап шығарыпты. Ал, 14 жастағы Лаура Ысмағұлова картон, желім және ермексазды пайдаланыпты. Нәтижесінде күнделікті учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік, ювеналдық полицейлер қызмет атқарып жүрген стационарлық модульдің дәл көшірмесін айнытпай істеп шығарыпты. Жасалған бұйымдардың барлығы 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне дейін СҚО ПД әкімшілік ғимаратының фойесіне қойылды.

Үздік жұмыстарды құрамына Петропавл қаласының № 1 өнер мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ирина Маркина, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина және СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинская енген қазылар алқасы анықтады. Жұмыстардың арасында таңдау жасау қиын болған. Өйткені барлық жұмыстар ерекше ықыласпен, көңілмен жасалған. Нәтижесінде полицияның жұмысын және күнделікті қызметтегі ерекше белгілерін сипаттайтын жұмыстар таңдалды. Байқаудың жас қатысушыларын аппараттық жиында СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Бірінші орынды Дарина Айтбайқызы Айтпаева, 9 жаста; Айғаным Жәнібекқызы Қазиева, 14 жаста; Екінші орынды Аяулым Кенжеболатқызы Рахым, 8 жаста; Лаура Азаматқызы Ысмағұлова, 14 жаста; үшінші орынды Клопов Богдан Николаевич, 5 жаста; 12 және 14 жастағы Есқақ Аяулым Мейрамқызы мен Есқақ Адемау Мейрамқызы иеленді.

СҚО ПД бастығы Сәуле Андағұлова нақтылағандай, балалар байқауының басты мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық сезімге баулу, құқықтық санасын және полиция қызметкерлеріне сенімді нығайту.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басынан облыс тұрғындары Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан полициясы күніне дейін жұмыс істеген СҚО Полиция департаментінің көшпелі көрмесін тамашалай алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру