Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД-да 60-тан астам қызметкер мен ардагерлер марапатталды

Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 60-тан астам қызметкер мен ардагерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін департамент бастығы Әділет Мұстафинов құттықтау сөз сөйледі.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан Қазақстан азаматтарының қалқаны мен қылышы болып, қорғауды қажет ететіндерге көмекке келуге дайын. Бұл күні біз жауынгерлік бекетте қаза болған әріптестерімізге және бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиғандарды еске аламыз. Құрметті ардагерлерімізге қызметті асқан жауапкершілікпен атқарғандары үшін, жас мамандарды тәрбиелеуге, олардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға көмектескені үшін ерекше ризашылығымды білдіремін, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы.


Іс-шара барысында Қ
Р Ішкі істер министрінің,  ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының және СҚО бойынша ҚАЖД басшылығының бұйрықтарымен 60-тан астам қызметкер, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері және басқа да органдардың өкілдері марапатталып, көтермеленді.

ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерлер “Кылмыстық-атқару жүйесіне қосқан үлесі үшін” медалімен, “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Қазақстан полициясы күніне байланысты ерекше көзге түскен қызметкерлерге арнаулы атақтар мерзімінен бұрын берілді.


Сонымен қатар департамент бастығының бұйрығымен 40-тан астам қызметкер мен ардагерлер “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру