Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мал ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады

СҚО полицейлері мал ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйекте Айыртау ауданыңдағы ауылдардың бірінің тұрғыны малын түгендеу кезінде үш қойының жоқ екенін байқаған. Шығын сомасы 150 мың теңгені құрады. Ол бірден учаскелік полиция инспекторына жүгінді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Полицейлер екі күн бұрын ауыл тұрғындарының төңіректе бөтен “ВАЗ-2115” көлігін байқағанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті анықталды. Олар көрші ауылдың 26, 22 және 18 жастағы тұрғындары болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды.

– Мал ұрлау мәселесі өзекті болып қалуда», – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. – Жыл басынан облыста 27 мал ұрлығы тіркелді, оның 21-і бүгінгі күні ашылды. Айта кету керек, қылмыстың бұл түрінің ашылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 95,5 пайызға артты.

Мал ұрлығының алдын алу – жұмыстың маңызды бағыттарының бірі. Полиция қызметкерлері адамдарға мүліктерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөнінде шаралар қолдануға кеңес береді. Мал ұрлаушылар үшін “қолайлы” жағдай туғызатын еркін жайылымға жол бермеу қажет. Қаңғыбас малдың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан полицейлер осындай 1864 құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру