Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таймерденов: Алматыдағы жағдай тұрақталып келеді

Алматы полициясының басшысы интернет-порталдардың біріне берген сұхбатында қазіргі уақытта қаладағы жағдай толығымен күш құрылымдарының бақылауында екенін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қанат Таймерденов шаһардағы ТЖ алынғаннан кейін де лаңкестікке қарсы іс-шараның әлі де жалғасып жатқанын еске салды.

– Қазір біз қаруды өз еркімен тапсыру туралы жариялап, тапсырғандарды, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға жеке өзі қатыспаса, жауапқа тартпайтынымызды ескерттік. Жедел іс-шара кезінде қаруы тәркіленгендер, еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес ең ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қару ұрлауға қатысқандарды іздестіру үшін арнайы жедел-іздестіру тобы құрылып, жеке құрамның барлығы осыған бағытталды. Министрлік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр, – дейді Таймерденов.

Сондай-ақ, спикер ПД-не кейбір полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардан арыз-шағымдардың түсуі жалғасып жатқанын атап өтті.  Олардың әрқайсысы формализмге жол бермей, мұқият тексеріледі.

– Қалыптасқан жағдайда формализм туралы сөз болуы мүмкін емес. Бұл министрдің және біздің қызметкерлерге қоятын талабымыз – заңдылықты қатаң сақтау. Қазіргі уақытта басқаша әрекет етудің жолы жоқ. Сонымен қатар, адамдар бір уақытта елімізде тыныштықты жоғалтып алуымыз мүмкін болғанын түсінуі керек.  Мұны көбі түсінеді де. Өйткені сол күндердің өзінде топ-топ болып жиналып, талай нысанды тонаушылардан қорғай білген бейбіт тұрғындар көп болды. Яғни, азаматтық қоғам да бұл күндері үлкен қолдау көрсетті. Адамдар келіп, қызметкерлерімізді тамақтандырды, көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде қаза тапқандардың отбасыларына көмектесуге дайын болды. Расында, осы күндері біз мықты қолдауды сезіндік, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру