Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жиын өтті

Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жанат Сүлейменов жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ЖКО-ның саны 19%-ға артқанын атап өтті. Көптеген авариялар жүргізушілердің кінәсінен орын алуда.

Әрбір төртінші ЖКО жылдамдық режимін бұзумен байланысты, ал әрбір бесінші ЖКО транзиттік көліктің қатысуымен болады.

Жамбыл облысының аумағы арқылы тек бір тәулік ішінде 9 мыңнан астам транзиттік автомобиль, оның ішінде 8 мың жеңіл және 1 мың жүк көлігі өтетінін атап өту қажет.

Сонымен қатар облыс автопаркіндегі көлік санының өсімі 10 жылда 23%-ды құрайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда жол қозғалысы ережелерін бұзудың анықталуы екі есеге артты, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 500-ге жуық жүргізуші ұсталды. Мас жүргізушілер сот шешімімен жүргізуші құқығынан айырылады. Автожолдардағы апаттылықтың өсуіне ықпал ететін себептерді жою мақсатында облыс әкімдігінің автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасымен және Жамбыл облысы бойынша “Қазавтожол” акционерлік қоғамының филиалымен бірлескен кеңес өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру