Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторларында ұсталатын 5 мыңнан астам азамат дауыс беруге қатысуда

Қазақстан Республикасы ҚАЖК тергеу изоляторларында ұсталатын 5 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын, үкімі заңды күшіне енбеген Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығына ие.

Тергеу-қамауындағы адамдардың құқықтарын іске асыру мақсатында республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің 16 тергеу изоляторында орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін жабық сайлау учаскелері құрылды, онда 5 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының кезекті Парламенттік сайлауында дауыс беруге қатысып жатыр.

Сайлау процесі өтетін үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілген.

Сайлау процесіне қатысушылар барлық қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтаған.

2021 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша қызыл және сары аймақтарда болған өңірлерде сайлау комиссиясының барлық мүшелері, оның ішінде байқаушылар да алдын ала ПТР-әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтті.

Сонымен қатар, жабық сайлау учаскелеріне кіру тергеу изоляторларының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге және “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру