Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеушінің бір күні

Қызылорда қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі Назерке Мантай қызметінің бір күнімен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеуші қызметі – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін маңызды мамандық. Әр жұмыс күні жаңа міндеттерден басталып, әрбір қабылданған шешім заңдылық пен әділдік қағидаттарына негізделеді.

Қызылорда қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі Назерке Мантайдың бір күні таңғы қызметтік нұсқамадан басталып, оқиға орнына шығу, арыз-шағымдарды қабылдау, куәлардан жауап алу, дәлелдемелерді жинақтау, тергеу әрекеттерін жүргізу және қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдер қабылдаумен жалғасады.

Тергеушінің күнделікті еңбегі – қылмыстың мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әділдіктің салтанат құруына үлес қосу. Бұл – уақытпен санаспай, әр іске мұқият қарап, жоғары жауапкершілікпен атқарылатын қызмет.

Әрбір қылмыстық істің артында адам тағдыры тұр. Сол себепті тергеуші үшін ең басты қағида – заңдылықты сақтай отырып, ақиқатты анықтау. Адалдық пен әділдікке негізделген қажырлы еңбек – қоғамның қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың берік кепілі. Тергеушінің үнсіз атқарған тынымсыз еңбегі – ел тыныштығы мен заң үстемдігінің айқын көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру