Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тосыннан келген көмекке қарт ана алғысын білдірді

Қарағанды облысында Михайлов ПБ қызмет аумағында тұратын зейнеткер анаға көмек көрсетілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы боран мен толассыз жауған қар қала тұрғындарын, оның ішінде жалғыз басты аналармен зейнеткерлерге айтарлықтай қиындықтар туындатып, біраз әбігерге түсірді.

Бүгін осындай көмекке мұқтаж адамдарға Қарағанды қаласының ПБ және Михайлов ПБ қызметкерлері жедел көмекке жеткен болатын. Михайлов ПБ қызмет аумағында тұратын зейнеткер ана Хаят Балташқызын қызметкерлер келе жатқан 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, аулада жиналып қалған қарды күреуге де көмектерін аямады. Хаят ана өзінің еңбек жолын тігіншілікке арнаған адам. Әкесі Балташ ата Ұлы Отан соғысына қатысып, бар өмірін ұстаздық жолына арнаған соғыс ардагері. Хаят ана басында тосыннан келген көмекке таңырқағанын жасырмай, қамқорлық көрсеткендеріне қуанғаннан көзіне жас алды.

«Бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне артылар міндеттер аз емес, қызығымен қиындығы қатар жүретін қызметтерінде біз секілді зейнеткерлерге де қол ұшын беруге әрқашан дайын. Адамдар қиналған кезде полицияға жүгінеді. Мен ана ретінде полиция қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз» -деп қарт кейуана өз ойымен бөлісті.

Қарағанды қаласының ПБ Михайлов ПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Бағлан Исагулович Жаканов полиция сақшыларының тарапынан мереке қарсаңында мұндай игілікті істердің одан әрі жалғаса беретінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру