Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 150-ге жуық көлік айыптұраққа қойылды

Түркістан облысында 150-ге жуық көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД қызметкерлері “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту, оларды төлеуден жалтарған адамдардан әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу тиімділігін арттыру. Шара кезінде полиция мен сот орындаушылары бірлесіп қызмет атқарды.

Мәселен “Борышкер” іс-шарасының 10 күнінде түркістандық тәртіп сақшылар 16 261 құқық бұзушылықты анықтап, мемлекет бюджетіне 74 миллион теңгеге жуық кіріс түсті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін айыппұл тұрағына 147 автокөлік қойылды.

Мәселен, полицейлер әрқайсысында бір млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар 8 автокөлік жүргізушісін анықтады. Осыған байланысты полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және басқа да құқық бұзушылықтар жасамауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру