Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 50-ге жуық тұрғынның қаруы тіркелмеген

Түркістан облысының полицейлерімен тіркелмеген 50-ге жуық қару анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД бастығы полиция Қайрат Дәлбековтің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау мен алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту және оларды ашу мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы 13-і мен 20 ақпан күндері аралығында қарқынды жүргізілді.

Түркістан облысының полицейлері іс-шараның сегіз тәулігінде жалпы тіркелмеген 46 қару, оның ішінде екі дана ойық ұңғылы, 35 дана аңшы, үш дана травматикалық, бір дана кесілген (обрез), екі дана тапанша, екі дана газды тапанша және бір дана қолдан жасалынған қару тәркіледі. Барлығы 7055 қару иелері тексеріліп, 374 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Заңсыз қару сақтау) бойынша 26 хаттама, 484-бабы (Қарудың сақтау ережелерін бұзу) бойынша 290 хаттама, 486-бабы (Қарудың тіркеу және қайта тіркеу тәртібін бұзу) бойынша 60 хаттама толтырылған.

Мәселен, Отырар ауданы Қарғалы ауылына қарасты мал қыстауда Ақтөбе ауылының тұрғыны 16-калибрлі аңшы қаруын заңсыз алып жүргендігі анықталған. Ал, Қарғалы ауылына қарасты Сырдария өзені бойында тұратын тұрғынның үйінен заңсыз ойық ұңғылы атыс қаруы табылып, аталмыш құқық бұзушылыққа қатысты шара көрілген.

Одан бөлек, Кентау қаласы тұрғыны тіркелмеген “ТОЗ” маркалы 16 калибрлі екі  ұңғылы қаруды заңсыз сақтағандығы анықталған. Сонымен қатар Келес ауданы Ақтөбе ауылының тұрғынынан тіркелмеген “ТОЗ” маркалы 16 калибрлі екі ұңғылы қару анықталған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының өз жалғасын табатынын ескертеді. Тіркелмеген қаруларыңыз болса, полицияға тапсыруға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру