Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер мен прокурорлар бірлескен кеңеске қатысты

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы мен облыстың бас прокуроры Ақтау қаласы ПБ тергеушілері мен анықтаушыларының қатысуымен бірлескен кеңес өткізді, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Кеңес барысында қылмыстық істі тергеудің үш буынды моделін іске асырудағы тиімді тәсілдер атап өтілді. Алдағы уақытта қалалық Полиция басқармасының ғимаратында прокурорлар мен тергеушілер бір кабинетте отырып, бірге жұмыс істейтін болады.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бес қызметкері  қалалық басқарманың тергеушілеріне жетекшілік етеді.

Бұдан басқа Жанарбек Бақтыбаев пен облыс прокуроры Ерлан Абаев тергеу және анықтау бөлімдерінің кабинеттерін аралап, олардың жұмыс барысында кездесетін проблемалық сұрақтарын талқылады.

Сондай-ақ, олар балалардың қатысуымен болатын тергеу әрекеттерін жүргізу үшін арнайы жабдықталған “балалар бөлмесін” қарады. Бұл бөлме қылмыстық процестің кішкентай қатысушылары (жәбірленуші немесе куәгер) үшін оңтайлы психологиялық жағдай тудыру үшін әзірленген және балаларға қатысты жасалған қылмыстар бойынша қылмыстық істерді жедел және сапалы тергеуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру