Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықтың төрт жайтына қатысы бар әйелді анықтады

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықтың төрт жайтына қатысы бар әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, әлеуметтік көмек алып бере алатынын айтып, ұсыныс білдірген. Осылайша әлеуметтік көмек алып беремін деген сөзіне сенген тұрғын оған 250 мың теңге ақша берген. Алайда айтылған уәде орындалмаған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын, жас әйел болып шықты.

Күдікті әйелдің бұдан басқа осындай үш алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге жуық.

Бүгінгі таңда сезікті жас әйелдің басқа да осыған ұқсас алаяқтық деректеріне қатыстылығы анықталуда. Олардың саны көп болуы да мүмкін. Осыған орай сотқа дейінгі тергеу амалдары тыңғылықты жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру