Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты ұстады

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты “ізін суытпай” ұстады. Күдікті бұған дейін тонау қылмысы мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.

Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру