Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Успен ауданының бас полицейі халыққа есеп берді

3 наурызда Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің қатысуымен аудан тұрғындарына онлайн есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есеп беру барысында ол қоғамдық орындарда және адам көп жүретін көшелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін аудандық полиция бөлімнің кезекші бөліміне қосылған 15 бейнекамера бар екенін, оның төрт бірлігі Успенка ауылына кіреберіс жолдарға және 11 бірлігі қоғамдық орындарда және адам көп жүретін көшелердің қиылыстарында орнатылғанын және бұл полиция қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыратынын, сонымен қатар, 2021 жылдың екінші тоқсанында ауданда тағы 34 камера орнату жоспарланғанын атап өтті.

– 2020 жылы ауданда қарақшылық, автокөлік ұрлығы, қорқытып алушылық, қалта ұрлығы, бұзақылық, контрабанда сияқты қылмыстарға жол берілген жоқ. Сонымен қатар, ұрлық, соның ішінде пәтер және мал ұрлықтары азайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мас күйде жасалған қылмыстар саны азайды. Ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында есепке алынған адамдар күн сайын тұрғылықты жері бойынша тексеріледі, – деп атап өтті Берік Раздықұлы.

Мал ұрлығының алдын алу үшін мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, қараусыз малды арнайы қораларға қамау бойынша жұмыстар күшейтілді. Арнайы қораларға 3705 бас мал орналастырылды. Өңірде мал ұрлығының ауыр түрлерін ашу 100% құраған.

Сондай-ақ, Берік Оралов жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ерекше назар аударды. Олардың саны 2020 жылы 10%-ға, ал зардап шеккендер саны 55%-ға азайған.

Сөз соңында аудандық полиция бөлімінің бастығы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тұрғындарды алға қойылған міндеттермен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру