Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ювеналды полиция инспекторы погон таққан арулар жайлы айтты

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Polisia.kz редакциясының тілшісі Диана Құрманғалиева Павлодар қаласы ПБ ювеналды полициясының аға инспекторымен кездесіп, жұмысымен танысып қайтты.

Журналист Диана Құрманғалиева алғаш рет погон таққан ару Рада Прохоровамен көрісті. Ол көп полицейдің ішінде ерекше көзге түсті. Жұмыс уақыты. Сапқа тұру басталды. Содан кейін бастықтар ювеналистер үшін алдағы рейдке тапсырма берді. Барлығы көліктерге бөлінді. Бір сәтте “Диана, менімен бірге барасыз ба? Бүгін біз қаланы бірге патрульдейміз” деген қатал және қатты дауысы естілді.

Павлодар облысында күн сайын ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі адамдардың кальян ішу және алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілері тіркеледі. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар павлодарлықтардың тыныштығын тәулік бойы күзетеді, қала күзетінде тұрады. Күндіз-түні, қақаған аязда және аптап ыстықта олар қаланы күзетіп, ер адамдармен бірге қызмет етеді.

Бірінші кезекте патрульдік көлік қаладағы дәмханалардың бірін тексерді. Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз белгіленген уақыттан тыс басқа жерде болса, онда ол полиция бөлімшесінде болуы мүмкін. Кафеге, түнгі және ойын клубтарына келушілер арасында 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жиі кездеседі. Орынға келгенде мекеме әкімшілігі қызметкерлерді жылы қарсы алды. Рада Прохорова бейнекамерадағы бұзушылықтарды тіркеді, күдік тудырған кейбір келушілерді және айыппұл салған құжаттарды тексерді. Кафеде кәмелетке толмағандар болған жоқ, бірақ үйден тыс жерде кальян қолдануға тыйым салынған. Рада мекеме әкімшілігіне заңның барлық нормаларын түсіндіріп, нақты әрі жылдам әрекет етті.

Келесі нысанға барар жолда журналист Радамен тілдесіп, бірнеше сұрағына толыққанды жауап алды.

– Өзіңіз жайлы айтып беріңізші? Полицияға қалай келдіңіз? Бала күнгі арманыңыз ба?

– Бастапқыда мен мұндай кәсіби жолды таңдаған жоқпын, дәлірек айтсам, жұмыс мені өзі тапты. Мұның бәрі мен погон таққан қызды көрген кезден басталды, ол маған қатты әсер етті, мен өзімді полиция формасында көргім келді. Содан заң мамандығы бойынша жоғары заң білімін алдым, Торайғыров атындағы университетті бітірдім. Кейін маған полицияда өзімді сынап көруді ұсынды, мен келістім. 8 жыл қызмет еткеннен кейін ойладым, қайтадан таңдау болса, мен кәсіби жолымда ештеңе өзгертпес едім деп сеніммен айтамын.

– Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

– Кез келген полиция қызметкері дене бітімін дұрыс ұстау керек. Сондықтан мен үнемі спортпен шұғылданамын және салауатты өмір салтын ұстана отырып, кез келген физикалық белсенділікті құптаймын, сонымен қатар әлемге батыл және айқын көзқараспен қараймын.

Ішкі істер органдары жүйесіндегі әйелдің рөлі қандай?

– Егер ішкі істер органдар жүйесіндегі әйелдің рөлі туралы айтатын болсақ, менің жеке бақылауларым мен тәжірибем бойынша, барлық бөлімшеде әйелдер сауатты жұмыс істейді, күтпеген жағдайларға тезірек жауап береді, күш, ақыл-ойдың шығармашылығы, шыдамдылық пен төзімділік танытады, бұл көптеген ер адамға беріле бермейді.

– Қызмет барысында ерекше ойда қалған сәттер туралы айтып берсеңіз. Қорқыныш. Тәжірибе.

– Жұмыс барасында өмірлік қиын жағдайларға тап болған балаларды қатты аяймын. Оларға барлық жақсылықты тілеймін. Өмірлері жақсы жаққа өзгерсе деп тілеймін. Осындай сәттер менің жүрегімді қалып қояды. Алайда мұның өзі тәжірибе. 

Қызметтегі ең алғашқы күн. Естеліктермен бөліссеңіз.

– Ең алғашқы күн, ең алғашқы естеліктер тым ерекше. Сондықтан қызметтегі алғашқы жұмыс күні өте маңызды. Бұл біртіндеп үйренудің және жұмысқа араласудың бастауы. Менің бойымда екі сезім күресті: арманның орындалғанына қуаныш, өйткені мен бұл үшін көп нәрсе жасадым. Екінші сезім – алаңдау. Бірақ мен алғашқы күннен бастап жауапкершілі зор қызметті мүлтіксіз орындауға тырысып келемін. 

– Жалпы, қоғамда әрқашан халыққа қызмет ету жолын таңдаған әдемі қыздардың өміріне ерекше қызығушылық болады. Бірақ бұл қызмет күн демей, түн демей жұмыс істеуді талап етеді. Темірдей тәртіпке бағыну керек. Сізде демалыс бар ма? 8 наурыз мерекесін қалай өткізуді жоспарлап отырсыз?

– Әрине, демалыс күндері бар, ал 8 наурыз – біздің барлық әйелдер сүйетін мереке. Бұл күні құттықтауларды тыңдап, ерекше сезімге бөленеміз. Мен бұл күнді өзіме арнап, оны ерекше етуді жоспарлап отырмын. Қызметке қарамастан, сүйкімді, қамқор және нәзік әйел болып қалу өте маңызды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық әйелге өздеріне деген сүйіспеншілік тілеймін. Өзіңді жақсы көруді, сыйлауды бір сәтке де тоқтатпау керек.

Әңгіме барысында патрульдік көлік ірі супермаркеттің жанына тоқтады. Мұнда полицейлерді тағы бір адам күтіп тұрды. Полиция инспекторлары Павлодар қаласы ПБ Солтүстік бөліміне жеткізілген жасөспірімнің ата-анасымен байланысқа шықты.

Журналист мұнда нәп-нәзік Раданы басқа қырынан көре алды. Ия, ол балаға түн ортасы екенін түсіндірді. Бұл уақытта ол заңды өкілдерінсіз жалғыз жүрмеу керек. Жасөспірімнің өзімен де, ата-анасымен де профилактикалық әңгіме жүргізілді, жасөспірімнің мұндай кеш уақытта қылмыстың объектісі де, субъектісі де бола алатындығын түсіндірілді.

Ал ювеналды полицияның аға инспекторымен әңгіме көлікте жалғасты.

Жақындарыңыз осы мамандықты таңдағаныңызға қалай қарады?

– Оң көзбен қарады. Жақындарым менің шешімдеріме әрқашан қолдау көрсетеді.

– Дәстүрлі ерлер ұжымында жұмыс істеудің қандайда бір қиындықтары бар ма? Артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтсеңіз.

– Көптеген әйел нағыз ер адамды міндетті түрде ержүрек деп санауға дағдыланған. Олардың ойынша, ол ханымға барлық жағынан қамқорлық жасауы керек, оның әлсіз жаратылыс екенін біліп, оны қызметте күтіп тұрған барлық қиындықтар мен бақытсыздықтардан қорғау керек. Шындық басқаша болуы мүмкін. Ерлер ұжымына толыққанды қызметкер, маман ретінде келуге бел буған соң, біз нәзік жандылармыз демейміз. Заң мен тәртіп баршаға ортақ екені бәрімізге белгілі. Ерлермен қатар темірдей тәртіпке бағынып, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп келеміз.

– Ішкі істер органдарының қазіргі қызметкері қандай болуы тиіс?

– Қазіргі полиция қызметкері – өз елінің патриоты, қызметке толықтай берілген, азаматтардың, қоғамның және тұтастай мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, заңдылық, әділдік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алатын кәсіби маман болуы керек.

Раданың телефонына қоңырау түсті. Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөліміне оқушылар мен колледж студенттері жеткізілді. Алкогольді ішімдіктерді ішіп, балалар тыныштықты сақтамады және қоғамдық тәртіпті бұзған.

– Сен ішіп алдың ба? Не қолдандың? Қазір мен куәландыруға барамын, – деді Рада Прохорова полиция бөліміне жеткізілгендердің біріне қатаң түрде.

Екінші қыздың көз жасы теңіз болған. Ол ата-анасына болған жағдай туралы қоңырау шалмаңыз немесе айтпаңыз деп жалынды. Жігіттердің бірі мақтанышпен полицияда бұрын болғаны, жауапқа тартылғаны туралы айтып отырды. Полиция инспекторы Рада Прохорова оқушылармен профилактикалық әңгіме өткізіп, ата-аналарды шақырды.

– Мәселе көбінесе отбасындағы қарым-қатынаста болады. Кейбір ата-аналарға оның проблемаларына, жетістіктеріне қызығушылық танытып, баласымен уақыт өткізуден гөрі, балаға толық еркіндік беру, компьютерге отырғызу, кеш жүруге рұқсат беру оңайырақ, – дейді Павлодар қаласы ПБ СПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ Рада Прохорова.

Қазақстан Республикасы бойынша әскери қызметті жыл сайын мыңдаған әйел атқарады. Мүмкін адамдар бұл тек ер адамның жұмысы деп санайды, бірақ арулар осы қатал әскери кәсіпке ерекше сүйкімділік әкеледі. Погон таққан нәзік жанды арулар қоғам тыныштығы үшін тік тұрып қызмет етеді. Рада Прохорова – мұның жарқын мысалы. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру