Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

Жамбыл облысының ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Жамбыл бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрамы қызметкерлері қайырымдылық акциясына қатысып, түрлі дертке шалдыққан жандарға қол ұшын беру мақсатында қан тапсырды.

Қан тапсыру кезінде коронавирустың алдын алу талаптары қатаң сақталды. Шаһардағы облыстық “Қан орталығының” дәрігерлері ҚАЖ қызметкерлерінен қан алу барысында сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, қауіпті дерттің алдын алу жолдары туралы кеңінен айтып өтті.

– ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрамы әрдайым осындай қайырымдылық шараларына қатысып тұрады. Бүгінгі таңда қатерлі ісікке шалдығып, өмір үшін кеселмен күресіп жатқандар аз емес. Сол себепті, қан тапсырып, қайырымдылық жасауды жөн санадық, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айгүл Танашева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру