Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында екінші рет мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші анықталды

Жетісу облысында екінші рет мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарқан қаласының көшелерінің бірінде BMW көлігін тізгіндеген 32 жастағы ер адам жауапқа тартылуда. Медициналық куәландыру ер адамның мас болғанын растады. Арнайы мәліметтер базасын тексеру кезінде полицейлер ұсталған азаматтың бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады. 

– 2021 жылдың көктемінде ол мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, онда жергілікті тұрғын қаза тапқан. Жол апатына кінәлі бірнеше жылға шартты түрде сотталды. Яғни, оған түзеу мекемелерінде жазасын өтемей-ақ, жазалау шарасы қолданылған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамауға алынды, – деді Сарқан ауданы полиция бөлімінің бастығы Айдар Амангелдинов. 

Көлік құралын басқару кезінде алкогольдік ішімдік ішу қылмысының қайталанғаны үшін шартты жазаның күші жойылады, сондай-ақ қылмыстық заңнаманың қосымша бабы бойынша ол жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру