Жетісу облысында мал ұрлығының алдын алу шаралары күшейтілді
Жетісу облысында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағытын қамтитын кешенді профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерекше назар мал ұрлығына қарсы күреске аударылуда — бұл қылмыс азаматтардың материалдық жағдайына ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі өмір салтының негіздеріне де кері әсер етеді.
Осы орайда Көксу ауданында полиция қызметкерлері сатылымға шығарылған малды, сондай-ақ тасымалданып жатқан жануарларды тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шаралар барысында құжаттар, ет өнімдері, жұмыс барысы бәрі-бәрі мұқият тексерілуде.
— Біздің негізгі мақсатымыз — құқық бұзушылықтарды барынша азайтып, қылмысты нөлдік деңгейге дейін төмендету. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз тәртіпті сақтап, ауыл тұрғындарының еңбегін қорғап, қоғамның сенімін нығайта аламыз, — деп атап өтті полиция өкілдері.
Профилактика — бір реттік шара емес, тұрақты назар мен белсенді қатысуды талап ететін жүйелі жұмыс.
