Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда Исатай Көшжановты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

Жезқазған қаласында полиция полковнигі Исатай Көшжановты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген турнирге марқұмның інісі Береке Көшжанов, жұбайы Эльмира Жаяубаева және қызы Сымбат Сактаева және туған-туыстарымен ардагерлер келіп қатысты. Облыстық Полиция департаментіне қарасты барлық полиция бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған 9 команда өзара тартысты ойын өткізді.

– Бүгін біз полиция полковнигі Исатай Сақтайұлы Көшжановты еске алуға арналған, шағын-футболдан турнир өткізгелі отырмыз. Исатай Сақтайұлының еңбек жолы, кәсіби шеберлігі ешқашан ұмытылмайды. Исатай Сақтайұлы ұзақ жылдар бойы Қарағанды облысының ішкі істер саласында еңбек етті. Абыройлы да жауапты қызметінің арқасында басшылық лауазым сеніп тапсырылып, соңғы жылдары Жезқазған қаласының полиция басқармасында басшылық қызмет атқарды. Бұл турнир әріптесіміздің рухына тағзым, зор құрмет деп білемін! – деп атап өтті турнирдің ашылу салтанатында сөз алған Ұлытау облысының Полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайыркен Әлиев.

Исатай Сақтайұлы 1994 жылы ішкі істер органдарында еңбек жолын бастаған. Учаскелік полиция инспекторы қызметінен бастап түрлі лауазымдарда қызметін жалғастырды. Ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбегінің арқасында жоғары басшылық лауазымға қол жеткізді. Өмірінің соңғы кездері Жезқазған қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етіп, өмірлік тәжірибесін жастарға үйретті.

Турнирге қатысқан спортшылар тартысты ойын өткізді. Тоғыз командадан құралған тәртіп сақшылары сайыс қорытындысы бойынша кім мықтыны анықтады. Барлық кездесуде үздік шығып финалға шыққан Ұлытау ауданы мен Жаңаарқа ауданының спортшылары арасындағы ойын өте қызықты өтті. Ұпай есебімен Жаңаарқа ауданының спортшылары бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орында Ұлытау және үшінші орынды Қаражал қаласынан келген тәртіп сақшылары өзара бөлісті. Барлық спортшыларға бағалы сыйлықтар табысталып, үздік ойыншылар марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру