Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған қос бүлдіршін отбасымен қауышты

Шымкентте жоғалған қос бүлдіршінді полицейлер отбасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына “102” нөмірі арқылы Шымкент қаласы Иляев көшесінің тұрғыны хабарласқан. Ол өз хабарламасында 27 қараша күні сағат 11:00 шамасында кәмелет жасқа толмаған ұлы мен қызы үйден шығып, қайта оралмағанын айтқан. Аталған жайт бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып іздестіру іс-шараларын жүргізген. Ата-анасы қос бүлдіршінін балалар алаңында ойнап жүр деп ойлаған. Алайда үй ауласынан балаларын таппаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінеді. Хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, іздестіру іс-шараларын жүргізген.
Нәтижесінде балалар “Арбат” алаңынан табылған. Бүлдіршіндер ойнап жүріп, қайтар жолды таппай қалғандарын айтқан. Осылайша полицейлер балаларды отбасына аман-есен жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру